Freedom Broker: 2022 жылдың қорытындысы

13 января 2023 г., Компания жаңалықтары

2023 ж. 13 қаңтар, Алматы

«Фридом Финанс» АҚ-тың жеке (шоғырландырылмаған) қаржылық есептілігінің негізгі қаржылық көрсеткіштері

1. 2022 жылғы 31 желтоқсанға арналған қорытынды активтер 2021 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 85,6 млрд теңгеге (71,5%) ұлғайды және 205,2 млрд теңгені құрады. Бұл активтердің өсуі:

a)  бағалы қағаздар портфелінің 55,5 млрд теңгеге немесе 75%-ға өсуінің;
b) басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың және реттелген борыштың 26,4 млрд теңгеге немесе 65%-ға өсуінің;

2. 2021 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда міндеттемелер 53,3 млрд теңгеге немесе 167%-ға өсті. Себебі:

a) тікелей РЕПО бойынша операциялардың 45,2 млрд теңгеге немесе 148,3%-ға,
b) өзге міндеттемелердің 6,8 млрд теңгеге немесе 784,7%-ға ұлғайды.

3.Меншікті капитал 2021 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 32,2 млрд теңгеге немесе 36,7%-ға өсті.

4. 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы таза кірістің 12,1 млрд теңгеге немесе 2021 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы таза кіріспен салыстырғанда 134,9%-ға ұлғаюы мыналардың:

a) өзгерістері пайда немесе залал құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын, көбіне бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің 10,3 млрд-қа немесе 149%-ға, 
b) комиссиялық кірістердің 6,8 млрд теңгеге немесе 132,5%-ға,
c) өзгерістері пайда немесе залал құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын, қаржы активтері құнының өзгеруінен түсетін таза кірістердің 5,9 млрд теңгеге немесе 313%-ға 
d) сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың 2,5 млрд теңгеге немесе 54,6%-ға,
e) қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша шығыстардың 2,7 млрд-қа немесе 94,3%-ға,
f) операциялық шығыстардың 4 млрд теңгеге немесе 205,3%-ға
 
Негізгі сандық көрсеткіштер
1. Жарғылық капитал – 66,8 млрд теңге.  
2.2022 жылғы төртінші тоқсанда ашылған шоттардың саны - 861.
3. 01.01.2023 жылға арналған шоттардың жалпы саны – шамамен 83 000.
4. 2022 жылғы төртінші тоқсандағы мәмілелердің саны – 238 мыңнан астам.
5. 01.01.2023 ж. жағдай бойынша компания Қазақстан қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздардың 84 атауы бойынша, 7 атауы бойынша – Astana International Exchange-де ресми маркетмейкер болып табылады.

2023-фискалдық жылғы үшінші тоқсандағы Freedom Finance Global PLC қорытындылары –
2022 жылғы қазан – желтоқсан кезеңінде компанияда 29 443 шот ашылды, 2 141 498 мәміле жүргізілді. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шоттардың жалпы саны - 89 281 шот, 5 504 716 мәміле жүзеге асырылды.

Анықтама:
«Фридом Финанс» АҚ өз клиенттеріне KASE және AIX биржаларында брокерлік қызмет көрсетуді, бағалы қағаздардың баға белгілеулерін қолдау жөніндегі маркетмейкердің қызметтерін, борыштық және үлестік қаржыландыруды ұйымдастыруды, қаржылық консалтинг саласындағы қызметтерді ұсынады.

Freedom Finance Global – бөлшек инвесторларға қызмет көрсетуге мамандандырылған жаңа мүмкіндіктері бар брокер. Компания АХҚО-да тіркелген, AFSA лицензиясы бар және қызметін ағылшын құқығының элементтерімен жүзеге асырады. Freedom Finance Global-дың клиенттері халықаралық қаржы нарықтарындағы (NYSE/NASDAQ, London Stock Exchange, HKEX, Frankfurt Stock Exchange), KASE және AIX,  биржалық операцияларға, сондай-ақ холдингтің ең танымал және сұранысқа ие қызметі - бастапқы орналастыруларға қатысуға (IPO) тікелей қол жеткізе алады.

Компаниялар Freedom Holding Corp халықаралық инвестициялық тобына кіреді. Холдингтің акциялары (15.10.2019 ж.) FRHC белгісімен NASDAQ Capital Market-те орналастырылды. Freedom Holding Corp қызметін бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия (SEC, АҚШ) реттейді.


БАҚ үшін байланыстар:

Фахрутдинова Рамина - «Фридом Финанс» АҚ PR бойынша директорлар Кеңесі Төрағасының Кеңесшісі 
E-mail: [email protected]; [email protected]
Тел.: +7 (727) 311 10 64, ішкі нөмірі 640.

Другие новости