Freedom Broker компаниясы NOVOTEL қонақ үйінің құрылысына субсидияланатын облигациялар орналастырды

6 июня 2024 г., Компания жаңалықтары

2024 ж. 6 маусым, Алматы
 
Freedom Broker «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (KASE) алаңында «Orient Group KZ» ЖШС-нің 7 млрд теңге көлемінде 10 жылдық облигацияларын орналастырды.
Бұл «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тың («Даму» қоры) қолдауымен осындай елеулі мерзімге шығарылған купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау - «Бірыңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бағдарламасы бойынша облигацияларды шығару және орналастыру жүзеге асырылған Қазақстандағы алғашқы жоба. Облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесі 10 жылдық мерзімге жылдық 19,75% деңгейінде тіркелді, оның 6%-ын эмитент төлейді, ал қалған 13,75%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.
Осы орналастыру барысында Freedom Broker-дің клиенттері негізгі инвесторлар болды. Жобаны іске асыру үшін қаражатты мынадай инвестициялық мақсаттарға жұмсау жоспарланған: Павлодар қаласында – Павлодар облысының облыс орталығында «4» жұлдызды санаттағы жаңа қонақ үй салу және жабдықпен жарақтандыру. Қонақ үй 120 бөлмеге арналған және әлемнің он және одан да көп елінде кемінде мың қонақ үй объектісі бар Accor халықаралық қонақ үй желілерінің қонақ үй бизнесі саласындағы франшиза бойынша NOVOTEL халықаралық бренді шеңберінде іске асырылатын болады.
NOVOTEL құрылысы өңірге айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық әсері болады, бұл жұмыс орындарының көбеюіне, жергілікті бюджетке салық түсімдеріне, жаңа инвесторлар тартуға және өңірге туристердің келуіне ықпал етеді. Мұндай жобалар Ұлттық экономика министрлігі, «Даму» қоры және Туризм және спорт министрлігі әзірлеген бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау шараларының көмегімен іске асырылып отыр.
Субсидияланған облигациялардың бұл шығарылымы Freedom Broker үшін кезекті болып табылады, бұл инвесторлардың осындай облигацияларға елеулі қызығушылығын көрсетеді. Бұған дейін компания «BLACK BIOTECHNOLOGY» (BBT) ЖШС-нің 1,5 млрд теңге сомасындағы 3 жылдық жасыл облигацияларын орналастыруды жүзеге асырған болатын.
Анықтама:
Freedom Broker өз клиенттеріне KASE-де және AIX-те брокерлік қызмет көрсетуді, бағалы қағаздардың баға белгіленімдерін қолдау және қаржылық консалтинг саласындағы маркетмейкердің қызметтерін, борыштық және үлестік қаржыландыруды ұйымдастыруды ұсынады. Компания Freedom Holding Corp. халықаралық инвестициялық тобына кіреді. Холдингтің акциялары 2019 жылдғы 15 қазаннан бастап Nasdaq Capital Market-те FRHC тикерімен орналастырылды. Freedom Holding Corp. компаниясының қызметін Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия (SEC, АҚШ) реттейді.
 
«Orient Group KZ» ЖШС (ORNTpp1) – негізгі қызметі қонақ үйлердің және тұру үшін ұқсас орындардың қызмет көрсетуі болып табылатын компания. Екінші қызмет түрлері - жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, коммерциялық қызмет және басқалар. Өз қызметін 2005 жылдан бастап жүзеге асырады.
 
 
БАҚ үшін байланыс деректері:

E-mail: [email protected]