Алматы, 23.08.2024
Freedom Broker нарықтың едәуір үлесіне ие, сондықтан бағалы қағаздармен жасалатын операциялармен байланысты кез келген істі қарау компанияның клиенттеріне қатысты болуы мүмкін.
Freedom Broker бірқатар БАҚ-та 2024 жылғы 23 тамызда Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 77/7 (Esentai Tower бизнес орталығы) мекенжайындағы компанияның бас кеңсесінде - уәкілетті органдар «Фридом Финанс» АҚ жекелеген клиенттері жасаған бағалы қағаздармен жүргізілген операцияларға қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде тергеу-жедел әрекеттерін жүргізді. Атап айтқанда, KASE биржасында «Қазақтелеком» АҚ-ның Kcell акцияларын сату жөніндегі мәмілелер сөз болып отыр. Олардың кейбіреулері бойынша клиенттер үшін брокер «Фридом Финанс» АҚ болған.
Тергеу органдарына тергеу шеңберінде қажетті барлық құжаттар мен ақпараттар ұсынылып, толық түсініктемелер берілді. Freedom Broker істі жан-жақты объективті тергеу мақсатында тергеуге барынша жәрдемдесуге бағдарлануда.
БАҚ үшін байланыс деректері:
Рамина Фахрутдинова - «Фридом Финанс» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының PR жөніндегі кеңесшісі
E-mail: [email protected]