«Фридом Финанс» АҚ АҚШ-тың Ішкі кірістер қызметі (Internal Revenue Service, IRS) тарапынан білікті делдал (Qualified Intermediary, QI) мәртебесін алды. Бұл мәртебе 2025 жылғы 7 мамырда бекітілді.
«Фридом Финанс» АҚ – Freedom Holding Corp. тобының Қазақстандағы осындай мәртебеге ие болған екінші брокерлік компаниясы.
QI мәртебесі компанияның АҚШ-тың бағалы қағаздарымен жұмыс істеу барысында салық заңнамасын сақтау бойынша халықаралық талаптарға сәйкестігін растайды. Бұл мәртебе IRS және халықаралық депозитарийлермен тікелей қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетеді және қосарланған салық салу қаупін азайтады.
Аталған мәртебе «Фридом Финанс» АҚ-ға АҚШ көздерінен алынған табыс деп танылған бағалы қағаздар бойынша клиенттерге төленетін кірістерге төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдануға құқық береді.
Жалпы, QI мәртебесі «Фридом Финанс» АҚ-ның сенімді әрі ашық қаржы нарығы қатысушысы ретіндегі позициясын нығайтып, клиенттерге халықаралық инвестицияларға кең мүмкіндіктер ашады.