Құрметті клиенттер!
Деректерді өңдеу орталықтарындағы техникалық ақауларға байланысты, сауда платформасының қолжетімсіздігі орын алды. Осыған орай, «Фридом Финанс» АҚ Басқармасының шешімімен 2025 жылғы 1 мамырдан бастап 11 мамырды қоса алғандағы кезеңде төмендегі үлгілік тарифтер бойынша көзделген сауда операциялары үшін комиссиялық сыйақыны есептеу және ұстап қалу уақытша тоқтатылады:
1. 1-бөлімнің 1.1-тармағы бойынша (KASE және AIX ұйымдастырылған нарықтарында қаржы құралдарын сатып алу / сату);
2. 1-бөлімнің 1.4-тармағы бойынша – РЕПО операциясы үшін (ашу және жабу) әр операцияға 1000 теңге мөлшерінде, алайда операцияны ашу көлемінің әр күні үшін 0,001% мөлшерінде комиссия ұстау құқығы сақталады;
3. 1-бөлімнің 1.5-тармағы бойынша (РЕПО операциясының мерзімін ұзарту / параметрлерін өзгерту);
4. 1.6 және 1.7-тармақтар бойынша (ашық позицияларды ауыстыру операциялары үшін, операцияны ашу көлемінің әр күніне 0,02% мөлшерінде);
5. 1-бөлімнің 2.5-тармағы бойынша (биржалық валюта нарығында ақша қаражатын конвертациялау).
Егер комиссиялық сыйақы нақты түрде ұсталған жағдайда, клиенттерге ұсталған сома мүмкіндігінше қысқа мерзімде қайтарылатын болады.
Қосымша сұрақтар бойынша жеке менеджеріңізге немесе клиенттерді қолдау қызметіне жүгінуіңізді сұраймыз.