13 маусым күні Freedom Broker компаниясы «Бизнесті қаржыландыру көздері: стартаптан ірі компанияға дейін» семинарының демеушісі әрі оған қатысушы болды. Іс-шараны Қазақстан қор биржасы YPO Kazakhstan-мен серіктестікте ұйымдастырды.
Freedom Broker компаниясының сарапшылары қатысушыларды ІРО-ның өткізу және Қазақстан қор биржасында облигацияларды орналастыру ерекшеліктерімен таныстырды. Спикерлер мыналар:
– Ренат Сыздыков, «Фридом Финанс» АҚ Инвестициялық банкинг департаментінің директоры
– Айнура Джумадилова, Инвестициялық банкинг департаменті директорының орынбасары
KASE, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстан халық банкі» АҚ, Most Ventures, J.P.Morgan және басқа да компаниялардың өкілдері де іс-шараның спикерлері болды.