Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес компанияларының рейтингтері бойынша болжамдары «Оң» болып қайта қаралды

28 июня 2024 г., Компания жаңалықтары

2024 жылғы 28 маусым, Алматы қ.

S&P Global Ratings халықаралық агенттігі «Фридом Финанс» АҚ-тың, Freedom Finance Europe Ltd компаниясының, Freedom Finance Global PLC компаниясының және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-тың рейтингтері бойынша болжамдарды «Теріс» рейтингтен «Оң» рейтингке өзгертті және «B/B» деңгейінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерді растады. Freedom Holding Corp. компаниясының ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг бойынша болжам «Теріс» рейтингтен «Тұрақты» рейтингке қайта қаралды, рейтинг «В-»-тен деңгейінде расталды. Ұлттық шкала бойынша «Фридом Финанс» АҚ және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ рейтингтері «kzBBВ-» деңгейіне көтерілді.

 S&P агенттігінің талдаушылары Freedom тобының тәуекелдерді басқару жүйесі мен капиталдандыру көрсеткіштерінің біртіндеп жақсарғанын, сондай-ақ алдағы 12 айда топтың бизнесін дамытуды қолдай алатын Қазақстандағы экономикалық тәуекелдердің төмендегенін және банктік қадағалаудың жақсарғанын атап өтті.

«Біз Freedom 2024-2025 жылдары жоғары табысын сақтайды деп күтеміз, бұған Қазақстанда банктік және сақтандыру қызметінің көлемін ұлғайту есебінен кірістерді әртараптандыру ықпал ететін болады. Үш жылдық орташа көрсеткіш (2022 ж. наурыз - 2024 ж. наурыз) тәуекелді ескере отырып S&P Global Ratings өлшеген активтерге негізгі табыстың қатынасы шамамен 3,4% деңгейінде тұрақты болып қалды, бұл халықаралық контекстегі жоғары көрсеткіш болып отыр. 2023 жылы Freedom тобы тәуекелдерді басқарудың шоғырландырылған жүйесін құруға кірісті. Жақында топ тәуекелдерді басқару, комплаенс және құқықтық мәселелер бөліміне басшыларды жалдады. 2024 жылғы мамыр айында Freedom тобы директорлар кеңесінің санын алтыдан жетіге дейін кеңейтті, оның төртеуі тәуелсіз және халықаралық тәжірибесі бар тұлғалар», – деп S&P Global Ratings есебінде тұжырымдалады.

Тәуекелдерді басқару мен комплаенс жалпы жүйесін дамыту және топты капиталдандырудың күшті деңгейін сақтау жөніндегі жұмыс жалғастырылған жағдайда Агенттік Freedom тобының операциялық еншілес компанияларының рейтингтерін алдағы 12 айда арттыра алады.


Анықтама:

Freedom Holding Corp. компаниясы туралы
Freedom Holding Corp. қаржылық қызметтер ұсынатын, брокерлік қызметпен, бағалы қағаздармен сауда жасаумен, инвестициялық зерттеулермен, инвестициялық консультация берумен, инвестициялық банктік және андеррайтингтік қызметтермен, ипотекамен, сақтандырумен, телекоммуникациялармен, әуе билеттерін және мәдени және спорттық іс-шараларға билеттерді онлайн сатумен айналысатын әртараптандырылған компания болып табылады, ол онлайн супермарткеттің қызметтерін және т.б. ұсынады.. Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес компанияларын ескере отырып, 6000-нан астам қызметкері бар. Freedom Holding Corp. компаниясының штаб-пәтері Алматы қаласында (Қазақстан) орналасқан, ал оның бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және Әзірбайжан сияқты 19 елде орналасқан. Freedom Holding Corp. компаниясының жай акциялары АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген және Nasdaq Capital Market-те FRHC тикерімен саудаланады. Freedom Holding Corp. компаниясы туралы көбірек білу үшін www.freedomholdingcorp.com сайтына кіріңіз. 
 

БАҚ үшін байланыс деректері:
Рамина Фахрутдинова – «Фридом Финанс» АҚ Директорлар кеңесі Төрағасының PR жөніндегі кеңесшісі
E-mail: [email protected]