12 наурыз күні Алматы қаласында Қазақстан қор биржасының KASE 2023 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік мүшелерін жыл сайынғы марапаттау рәсімі өтті.
«Фридом Финанс» АҚ компаниясы жарияланған 15 номинацияның мынадай 8 номинациясында атап өтілді:
– Акциялар нарығында жыл андеррайтері
– Корпоративтік облигациялар нарығында жыл андеррайтері
– Акциялар нарығының көшбасшысы
– Корпоративтік облигациялар нарығының көшбасшысы
– Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының көшбасшысы
– Акциялар, корпоративтік облигациялар және МБҚ нарықтарында жыл маркет-мейкері.