Freedom Holding Corp. компаниясының 2025 фискалдық жылғы І тоқсандағы түсімі шамамен жарты миллиард АҚШ долларын құрады

9 августа 2024 г., Компания жаңалықтары

2024 жылғы 9 тамыз, Алматы


2025 фискалдық жылғы* бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Freedom Holding Corp. компаниясының түсімі 450,7 млн АҚШ долларын құрады. Оның 134,5 млн АҚШ долларына (43%-дан астам) өсуі мынадай факторларға байланысты:

● Сақтандыру андеррайтингінен келіп түсетін кіріс негізінен алған сақтандыру сыйлықақыларының көлемінің есебінен 44,9 млн АҚШ долларынан 129,4 млн АҚШ долларына дейін (188%-дан астам) ұлғайды, бұл өз кезегінде сақтандыру операцияларының кеңеюіне және қолданыстағы сақтандыру шарттары санының ұлғаюына байланысты болды.

● Пайыздық кірістің 76,7 млн АҚШ долларына өсуі сауда портфелінің және ондағы облигациялар үлесінің кеңеюімен байланысты. Сонымен бірге, клиенттерге берілген банктік кредиттер, маржалық қарыздар, кері РЕПО шарттары және банктердегі қаражат, сондай-ақ сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша пайыздық кірістердің өсуі байқалды.

● Туынды қаржы құралдары бойынша таза пайда 43,1 млн АҚШ долларына (141%-дан астам) ұлғайды. Бұл өзгеріс, ең алдымен, еншілес «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-тың валюталық своптарды оң қайта бағалауға байланысты іске асырылмаған таза пайда алуына байланысты.

● Комиссиялық кірістер 16,8 млн АҚШ долларына (17%-дан астам) ұлғайды. Кірістердің өсуі негізінен брокерлік көрсетілетін қызметтердің бөлшек клиенттерінің көбеюімен қамтамасыз етілді. Сонымен бірге, мұндай өсу басқа комиссиялық кірістердің есебінен болды, негізінен холдингтің еншілес компаниясы - туристік билеттердің онлайн – агрегаторы алған агенттік алымдардың өсуіне байланысты.

● Сауда бағалы қағаздары бойынша таза шығын таза пайданың 31,8 млн АҚШ долларынан таза шығынның 52,1 млн АҚШ долларына (264%-дан аз) дейін азайды. Бұл өзгеріс 2024 жылғы 30 маусымдағы бағалы қағаздар бойынша позициялардың құны төмендегендіктен сауда бағалы қағаздары бойынша іске асырылмаған шығынға байланысты болды. Іске асырылмаған таза шығынның басым бөлігі негізінен нарықтық бағалардың төмендеуі нәтижесінде Қазақстанның тәуелсіз облигацияларына тиесілі.


Холдингтің шығыстары 177,5 млн АҚШ долларына (77%-дан астам) өсті. Мұндай серпін мынадай факторларға байланысты:

● Комиссиялық шығыстар негізінен өмірді сақтандыру бизнесі шеңберінде агенттік сыйақы шығыстарының ұлғаюына байланысты 51,5 млн АҚШ долларына (179%) өсті.

● Инвестициялық портфель көлемінің кеңеюіне байланысты РЕПО арқылы қысқа мерзімді қаржыландыру бойынша шығыстардың өсуіне байланысты пайыздық шығыстар 50,7 млн АҚШ долларына (53%-дан астам) ұлғайды. Сондай-ақ, көрсеткіштің өсуі «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-тың клиенттер қоры кеңейгендіктен депозиттер бойынша пайыздардың ұлғаюына байланысты болып отыр.

● Холдингке кіретін компаниялардағы қызметкерлер санының өсуіне байланысты есепті кезеңде жалақы мен сыйлықақылар 25,9 млн АҚШ долларына (82%-дан астам) өсті.

● Қайта сақтандыруды шегергенде келтірілген сақтандыру өтемақыларының көлемі 25,8 млн АҚШ долларына (120%-дан астам) ұлғайды. Бұл өсім, ең алдымен, екі тоқсан арасындағы сақтандыру операцияларының кеңеюіне байланысты болды.


Freedom Holding Corp. компаниясының таза пайдасы 2025 фискалдық жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 34,3 млн АҚШ долларын құрады. Холдингтің 59,3 млн дананы құрайтын акциялардың базалық орташа алынған санына сәйкес есептелген акциясының табысы 0,58 АҚШ долларын құрады. Холдингтің 60,3 млн дананы құрайтын акциялардың төмендетілген орташа алынған санына сәйкес есептелген акциясының табысы 0,57 АҚШ долларын құрады.


Холдингтің активтері 8,302 млрд АҚШ долларынан 8,485 млрд АҚШ долларына дейін (2%-дан астам) өсті. Міндеттемелер 7,315 млрд АҚШ долларынан 7,333 млрд АҚШ долларына дейін (3%-дан астам) өсті.


Холдингтің брокерлік клиенттер шоттарының саны 2024 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 532 мың шотты құрады, бұл бұған дейінгі тоқсанға қарағанда 2 мыңға көбірек.

Анықтама

Резервтің есептілік валютасын қайта есептеуге байланысты өзгерісі.


Холдингтің басқа жиынтық кірісіне/шығыстарына шоғырландыру кезінде еншілес компаниялардың функционалдық валюталарында, холдингтің валютасында көрсетілген қаржылық есептілік көрсеткіштерін қайта есептеу нәтижесінде туындайтын есептілік валютасының резервін қайта есептеу жөніндегі кірістер мен шығыстар енгізілген. Резервті есептеу кезінде активтер мен міндеттемелердің баптары есепті күнге бағам бойынша қайта есептеледі, кірістер мен шығыстардың баптары есепті кезеңдегі орташа бағам бойынша қайта есептеледі. Резервтің оң өзгеруі еншілес компаниялардың холдинг есеп беретін валютаға функционалдық валюталары бағамының төмендеуі нәтижесінде туындайды.

*Холдинг үшін  2025 фискалдық жылғы 1-тоқсан 2024 жылғы 30 маусымда аяқталды.


Компания жайында

Freedom Holding Corp. қаржылық қызметтер ұсынатын, брокерлік қызметпен, бағалы қағаздармен сауда жасаумен, инвестициялық зерттеулермен және консультация берумен, инвестициялық банктік және андеррайтингтік қызметтермен, ипотекамен, сақтандырумен, телекоммуникациялармен, әуе билеттерін және мәдени және спорттық іс-шараларға билеттерді онлайн сатумен айналысатын әртараптандырылған компания болып табылады, ол онлайн супермарткеттің қызметтерін және т.б. ұсынады. Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес компанияларын ескере отырып, 6,8 мыңнан астам қызметкері бар. Freedom Holding Corp. компаниясының штаб-пәтері Алматы қаласында (Қазақстан) орналасқан, ал оның бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және Әзірбайжан сияқты 20 елде орналасқан. Freedom Holding Corp. компаниясының жай акциялары АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген және Nasdaq Capital Market-те FRHC тикерімен саудаланады. Freedom Holding Corp. компаниясы туралы көбірек білу үшін www.freedomholdingcorp.com сайтына кіріңіз.


БАҚ үшін байланыс деректері
Рамина Фахрутдинова – «Фридом Финанс» АҚ Директорлар кеңесі Төрағасының PR жөніндегі кеңесшісі
E-mail: [email protected]