2025 жылғы 12 ақпан, Алматы.
Freedom Broker қолданыстағы клиенттік шоттарының жалпы саны 2025 жылдың 1 қаңтарына 240 мыңды құрады, 2024 жылы бағалы қағаздармен 19,4 млн мәміле жасалды.
Freedom Broker клиенттері жүзеге асырған мәмілелер негізінде 2024 жылдың қорытындылары бойынша үздік 5 акция:
Мәмілелер саны бойынша
Мәмілелер көлемі бойынша
2024 жылғы желтоқсанда S&P Global Ratings халықаралық агенттігі «Фридом Финанс» АҚ және Freedom Finance Global PLC ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін «В» деңгейінен «В +» деңгейіне дейін көтерді және олардың қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «В» деңгейінде растады. Ұлттық шәкіл бойынша «Фридом Финанс» АҚ рейтингтері «kzBBB-» бастап «kzBBB» дейін көтерілді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Freedom Broker Astana International Exchange (AIX) үш марапатына ие болды: «Фридом Финанс» АҚ Үлестік құралдар бойынша үздік брокер, сондай-ақ Freedom Finance Global - Борыштық құралдар бойынша үздік брокер болып танылды. Бұдан басқа, «Фридом Финанс» АҚ Инвестициялық банкингтің үздік командасы аталды.
«Фридом Финанс» АҚ-ның 2024 жылғы нәтижелері*
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтер 2024 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 31,3 млрд теңгеге (11%) азайып, 285,7 млрд теңгені құрады. Оған сауда портфеліндегі бағалы қағаздар көлемінің бұрын сатып алынған бағалы қағаздар бойынша оң нәтиже тіркелгеннен кейін 58,9 млрд теңгеге (38% -ға) төмендеуі себеп болып отыр.
Міндеттемелер 41 млрд теңгеге (33,1%) азайып, тікелей РЕПО операциялары көлемінің 40,3 млрд теңгеге (33,2%) қысқаруына байланысты 123,7 млрд теңгені құрады.
Меншікті капитал 2024 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 9,7 млрд теңгеге (6,4% -ға) өсіп, 162 млрд теңгені құрады. Жарғылық капитал 5 млрд теңгеге - 103,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.
Таза кіріс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 млрд теңгеге (51,6% -ға) өсіп, 9,5 млрд теңгені құрады. Бұл көбінесе туынды қаржы құралдарымен операциялардан түсетін кірістердің 5,7 млрд теңгеге (240%) өсуіне байланысты.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Фридом Финанс» АҚ Қазақстан қор биржасында (KASE) саудаланатын бағалы қағаздардың 100 атауы бойынша, Astana International Exchange (AIX) 3 атауы бойынша ресми маркетмейкер болып табылады. Компания KASE мүшелерінің белсенділігін рэнкингте көшбасшылықты сақтап қалуда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Фридом Финанс» АҚ нарықтың үш секторында бірінші орынды иеленді: үлестік және борыштық бағалы қағаздар, РЕПО.
2025 фискалдық жылдың үш тоқсанындағы Freedom Finance Global нәтижелері**
2025 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша Freedom Finance Global активтері 264,7 млн АҚШ долларын құрады, фискалдық жылдың басынан бастап көрсеткіштің өсімі 18% құрады, бұл компанияның сауда портфелінің 100,2 млн АҚШ долларына немесе 186% -ға ұлғаюына байланысты.
Есепті кезеңде міндеттемелер 70 млн АҚШ долларына немесе акционерлерге дивидендтер төлеу көлемінің 75,6 млн АҚШ долларына немесе 270% -ға өсуіне байланысты 158,7 млн долларды құрап, 78,9%-ға өсті.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша меншікті капитал 106 млн АҚШ долларын құрады, жыл басынан бері есепті кезеңде дивидендтерді төлеуге байланысты бөлінбеген пайданың төмендеуі нәтижесінде 22% -ға қысқарды.
Есепті кезеңде таза кіріс 117,6 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2% -ға өсті.
Анықтама:
*2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Фридом Финанс» АҚ (аудиттелмеген) жеке қаржылық есептілігінің негізгі қаржылық көрсеткіштері.
** Компания үшін 2025 фискалдық жылдың үшінші тоқсаны 2024 жылдың 31 желтоқсанында аяқталды.
«Фридом Финанс» АҚ өз клиенттеріне KASE және AIX-те брокерлік қызмет көрсетуді, бағалы қағаздардың баға белгілеуін қолдау бойынша маркетмейкер қызметтерін, борыштық және үлестік қаржыландыруды ұйымдастыруды, қаржы консалтингі саласындағы қызметтерді ұсынады.
Freedom Finance Global – бұл бөлшек инвесторларға қызмет көрсетуге маманданған жаңа мүмкіндіктері бар брокер. Компания АХҚО-да тіркелген, AFSA лицензиясы бар және қызметін ағылшын құқығының элементтерімен жүзеге асырады. Freedom Finance Global клиенттері халықаралық қаржы нарықтарында (NYSE/NASDAQ, London Stock Exchange, HKEX, Frankfurt Stock Exchange), KASE және AIX биржалық операцияларға, сондай-ақ холдингтің ең танымал және сұранысқа ие қызметіне - бастапқы орналастыруға қатысуға - тікелей қол жеткізе алады.
Компания Freedom Holding Corp халықаралық инвестициялық тобына кіреді. Холдингтің акциялары Nasdaq Capital Market-те (15.10.2019 жылы) FRHC тикерімен орналастырылған. Freedom Holding Corp. қызметін Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия (SEC, АҚШ) реттейді.
БАҚ үшін байланыс деректері:
Рамина Фахрутдинова - «Фридом Финанс» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының PR жөніндегі кеңесшісі
E-mail: [email protected]