Биржадан тыс және қайталама нарықтарда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларын сатып алу / сату үшін комиссияның күшін жою

14 декабря 2022 г., Компания жаңалықтары

«Фридом Финанс» акционерлік қоғамы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларымен мәмілелерге қатысты кейбір шарттарға өзгерістер енгізу туралы хабарлайды.

Басқарма шешіміне сәйкес, Компания 2022 жылғы 08 желтоқсанда биржадан тыс және қайталама бағалы қағаздар нарығында жасалған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларын сатып алғаны және сатқаны үшін клиенттерден комиссиялық сыйақы есептемейді және ұстамайды.