2017 жылғы 27 қыркүйекте Фридом Финанс АҚ Жалғыз акционері шешім қабылдады (27.09.2017 ж. №17/05 шешім):
1. 2016 жылғы қызмет қорытындылары бойынша Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу және 2016 жылғы таза табысты бөлмеу туралы акционерлердің жалпы жиналысының 26.05.2017 № 17/03 шешімінің 3-тармағының күші жойылсын;
2. Қоғамның таза табысы 2016 жылғы қызмет қорытындылары бойынша мынадай тәртіппен 3 295 953 000 (үш миллиард екі жүз тоқсан бес миллион тоғыз жүз елу үш мың) теңге мөлшерінде бөлінсін:
1 995 953 000 (бір миллиард тоғыз жүз тоқсан бес миллион тоғыз жүз елу үш мың) теңге қоғамның дамуына бағытталсын;
- 1 300 000 000 (бір миллиард үш жүз миллион) теңге акционерлерге Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеуге мынадай тәртіппен бағытталсын:
дивидендтер төленетін кезең – 2016 жыл;
бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері-бір жай акцияға 506,89 теңге;
дивидендтер төлеудің басталу күні - 2017 жылғы 28 қыркүйек;
дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны-дивидендтер акционердің банктік шотына аудару жолымен теңгемен қолма-қол ақшасыз нысанда төленеді.