1.
2025 жылғы 12 маусымында «ҚазТАГ» интернет-ресурсы «ҚНРДА «Фридом Финансқа» жоспардан тыс тексеру жүргізіп, оған 40-тан астам әкімшілік айыппұл салды» деген тақырыппен жарияланым орналастырды.
Бұл басылымда ҚазТАГ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – ҚНРДА) «Фридом Финанс» АҚ-ға (бұдан әрі – Компания) жоспардан тыс тексерістің нәтижесінде «Фридом Финанс» АҚ-ға 41 әкімшілік айыппұл салғаны туралы үзінді ақпаратын ұсынады.
2024 жылғы 28 қазанда ҚНРДА ақпараттық жүйелер арқылы бағалы қағаздар нарығына қол жетімдікке байланысты қызметтерді көрсету кезінде Компания қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне жоспардан тыс (ішінара) тексерісті бастады, яғни TRADERNET сауда платформасы тексерілді. Бұл сауда платформасын Freedom Holding Corp құрылымындағы барлық брокерлік ұйымдар пайдаланады. Бұл ретте әр юрисдикция заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол тиісті түрде реттелген.
Тексеріс 2024 жылғы 6 желтоқсанда аяқталып, соның қорытындысы бойынша заңға тәуелді актінің дәл бірдей бұзушылығы үшін, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 27 «Номиналды ұстаушылардың электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 8-1 тармағын бұзғаны үшін 20 әкімшілік хаттама толтырылды.
Атап айтқанда, аталған Қағидалар брокерлерге (номиналды ұстаушыларға) брокерлердің мобильді қосымшаларында сауда операцияларын жүзеге асыруға тапсырыс берген кезде клиенттердің динамикалық және/немесе биометриялық сәйкестендіруін пайдалану мүмкіндігін береді.
Алайда, осыған ұқсас Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 48 «Банктердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулысынан өзгешелігі, брокерлерге биометриялық деректерді тексеру үшін өздерінің ақпараттық жүйелерін пайдалануға рұқсат етілмейді және оларды өз қызметтерін коммерциялық негізде ұсынатын Қазақстанның ұлттық төлем корпорациясының Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (СДАО) және Мемлекеттік кредиттік бюро (МКБ) секілді ұлттық компанияларда қосымша тексеру белгіленген. Айта кетерлік жайт, мемлекеттік деректер қорларында қаржы ұйымдарының клиенттері болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттері бойынша ақпарат жоқ және сәйкесінше оларды СДАО-да және МКБ-да тексеру мүмкін емес.
Басқаша айтқанда, мобильді қосымшалардағы биометриялық сәйкестендіру функциясы смартфондардың штаттық «Face ID» функциясы болып табылады, оны пайдалану смартфон пайдаланушысының таңдауы мен теңшеулері болып табылады. Нәтижесінде банктік мобильді қосымшаларды пайдаланушыларға бұл функцианал рұқсат етілген, ал брокерлікке рұқсат етілмейді.
Компанияның сауда платформасын құру және алғашқы мобильді қосымшаларды енгізу кезінде мұндай мүмкіндік болған жоқ; ол мобильді құрылғылардағы сәйкестендіру технологияларының эволюциясы мен дамуы барысында код-құпиясөздерден, «touch ID»-ден бастап, «Face ID» биометриясына дейін қолжетімді болды.
Сәйкесінше, Компанияның мобильді қосымшасындағы «Face ID» функциясын пайдаланумен берілген әрбір клиенттік тапсырыс үшін ӘҚБтК-те бар дәл бірдей бұзушылық үшін айыппұлдардың саны мен сомасы бойынша шектеулерді ескере отырып, 20 хаттама толтырылды.
Қалған 21 хаттама тексеріс аяқталғаннан кейін (2024 жылдың желтоқсанындағы тура сол фактілер бойынша, бірақ ҚНРДА лауазымды тұлғасы әлі қарамаған) тура сол бұзушылық үшін шығарылды, себебі Компанияға мобильді қосымшаны пысықтау, өз мобильді қосымшасындағы «Face ID» функциясын әдепкі бойынша өшіру және тек динамикалық сәйкестендіруге ауысу үшін (код-құпиясөздерді пайдалану) уақыт керек болды, бұл жаңартылған нұсқаны іске қосуды, әрі қарай AppStore және Google Play қосымшаларының дүкендерінде орналастыру және модерациялаумен оны сынақтан өткізуді қажет етті.
ҚНРДА жазбаша ұйғарымында мобильді қосымшада бұл функцианалды жазбаша ұйғарымды алған күннен бастап дереу өшіруді талап етті. Дегенмен, Компания бұл функцианалды технологиялық тұрғыдан лезде өшіре алмады, кері жағдайда барлық клиенттер мобильді қосымшаға қол жеткізе алмай қалатын еді, бұл туралы Компания реттеушіге, 2025 жылдың маусымына дейін мобильді қосымшаны пысықтау мерзімін көздейтін іс-шаралар жоспарын қабылдау туралы өтінішпен, екі рет хабарлады.
Өкінішке орай, бұл өтінішті реттеуші назардан тыс қалдырып, 2025 жылғы 30 мамырында тура сондай бұзушылық үшін тағы 21 әкімшілік хаттама шығарылды.
Компания бұзушылықты жойды және ҚНРДА талабын 2025 жылғы 26 мамырында орындады және бұл туралы реттеушіні хабардар етті. Көрсетілген күннен бастап TRADERNET мобильді қосымшасында клиенттің динамикалық сәйкестендіруі, яғни код-құпиясөздер пайдаланылады.
Мемлекеттік органның электрондық қызметтерді көрсету тәртібі бойынша нормативтік актілердегі бар олқылықтар, өкінішке орай, Компанияның мүддесінде түсіндірілмеді. Компания шын жүректен Face ID пайдалану бойынша тек мемлекеттік деректер қорымен бірге пайдалану бойынша шектеу атавизм болып табылады және тиісті заңға тәуелді актіні осы саладағы банктік реттеуге ұқсас етіп жаңғырту қажет деп санайды.
Айта кету керек, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар құқық бұзушылық жасау фактісін анықтайтын процестік құжаттар болып табылмайды және ҚазТАГ жарияланымдарында көрсетілген ҚНРДА-ға тұлғалар жасаған Компанияның бұрынғы қызметкерлерінің, атап айтқанда В.Светов пен Т.Бековтың әрекеттеріне шағымдарымен тікелей байланысты емес.
2.
2025 жылғы 12 маусымда «ҚазТАГ» интернет-ресурсында «ҚНРДА «Фридом Финанстың» топ-менеджментіне қарсы қылмыстық істер бойынша тергеуге көмектеседі» деген тақырыппен жарияланымды орналастырды - https://kaztag.kz/ru/news/arrfr-sodeystvuet-sledstviyu-po-ugolovnym-delam-protiv-top-menedzhmenta-fridom-finans.
«Фридом Финанс» АҚ (бұдан әрі – Компания) да өз тарапынан тергеу органдарына қажетті материалдарды ұсынумен толық ынтымақтастық жасауда және көмек көрсетуде. Мұнымен қоса, Компанияның бұрынғы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс, Компанияның өткен жылы жүргізген ішкі қызметтік тексерісінің қорытындысы бойынша жасаған мәлімдемесінің негізінде қозғалған.
Бұл ретте, ҚНРДА мен жарияланымға берілген жауапта көрсетілген «Компанияның бұрынғы қызметкері» ешқашан Компанияның топ-менеджері болған емес, ол тек Компанияның сату департаменті аясындағы бағыттарының бірінде менеджер (атқарушы директор) функциясын атқарған. Сәйкесінше, ҚазТАГ жарияланымындағы берілген ақпарат шындық болып табылмайды.