Freedom Holding Corp. AIX-те өзінің бағалы қағаздарының кросс-листингін өткізді

26 июля 2024 г., Компания жаңалықтары

Freedom Holding Corp. (FRHC) холдингтің жай акцияларының Astana International Exchange (AIX, Astana International Finance Center биржасы, АХҚО) ресми тізіміне енгізілгенін қуана хабарлайды.


Акциялар (ISIN: US3563901046) «FRHC» тикерімен саудаланады, ал баға белгілеулер мен есеп айырысулар АҚШ долларымен жасалады. Акциялар Nasdaq Capital Market пен AIX арасында толығымен өзара алмасымды.


AIX нарықтар мен өнімдер жөніндегі басқарушы директоры Бiржан Астаев:

«Freedom Holding – бұл тез дамып келе жатқан және өршіл бизнес, сондықтан біз өз клиенттерімізге акцияларға инвестицияларын әртараптандырудың тағы бір нұсқасын ұсына алатынымызға қуаныштымыз», – деп атап өтті.


Freedom Finance Global Директорлар кеңесінің төрағасы Сергей Лукьянов:

«Біздің акцияларымызды АХҚО-ның AIX биржасында листингке қосу — бұл біздің компания үшін өте маңызды қадам. Біздің стратегиямыз Қазақстанның инвестициялық әлеуетін дамытуға және арттыруға бағытталған. AIX листингі біздің клиенттеріміз бен Қазақстанның жеке инвесторлары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Мен барша қызметкерлерімізге, акционерлерімізге және серіктестерімізге үнемі қолдау көрсетіп, сенім білдіргендері үшін алғыс айтамын».


БАҚ үшін байланыстар:
Фахрутдинова Рамина - «Фридом Финанс» АҚ PR бойынша директорлар Кеңесі Төрағасының Кеңесшісі 
E-mail: [email protected]