Егер Сізге жобаларыңызды қаржыландыру және қаражаттар тарту мәселесін шешу қажет болса, біздің компаниямыз әрдайым қол ұшын созуға әзір.«Фридом Финанс» АҚ-ның бірқатар инвестициялық әріптестері мен ауқымды инвесторлық базасы бар. Біз жергілікті инвесторлардың, сондай-ақ Батыс Еуропа мен Азия инвесторларының мүдделеріне өкілдік етеміз. Базамызда жекеше инвесторлар, ірі ұйымдар, сондай-ақ жобаларды қаржыландыруды мақсат тұтатын қорлар да бар.

Біз инвесторлардың барлық шарттары мен талаптарын сақтай отырып, қазақстандық тарапқа оңтайлы шарттармен қаржыландыру көзін табуға жәрдемдесіп, жобаларға инвестициялар тарту және құю бойынша құнды тәжірибе жинақтадық.