«Фридом Финанс» АҚ активтерді сенімді басқару қызметтерін ұсынады – ол қызмет өздерінің қаражаттарын кәсіпқой қаржылық портфельді басқарушысына сенім тапсыруға дайын инвесторлардың кең ауқымына арналған. Сенімді басқару жұмысының қағидасы болып клиент активтерін берілетін активтерге меншік құқығын бермей-ақ кәсіпқой портфель басқарушысының басқаруына тапсыру табылады. Басқарушы пайда табу мақсатында тек клиент атынан және мүддесінде әрекет етеді.

Клиенттер үшін активтерді сенімді басқару артықшылығы болып уақытша бос қаражаттарды қосымша шығынсыз орналастыру және пайда табу мүмкіндігі табылады.

Активтерді сенімді басқару өзінің құрамында:

  • Активтерді сенімді басқаруға қабылдау, олардың сақтығы мен қайтарылуын қамтамасыз ету;
  • Әрбір Клиент үшін жеке инвестициялық стратегияны әзірлеу;
  • Тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесі;
  • Қаржы нарығы конъюнктурасының үздіксіз мониторингі;
  • Инвестициялық портфельдің жағдайы туралы клиенттерге кезеңді есеп беру;
  • Жасалатын операциялардың құпиялылығын қамтиды.