Брокерлік қызмет көрсету - Клиент тапсырысы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу/сату бойынша қызметтер. Портфельді басқару жөнінде дербес шешімдер қабылдауға қабілетті жеткілікті деңгейде дайындалған инвесторларға сай келеді. Осы қызметті пайдалануға бел байлаған Клиентке осы Клиенттің мүддесіне өкілдік ете отырып, компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесетін клиентпен жұмыс жасау жөніндегі дербес брокер бекітіледі.

«Фридом Финанс» АҚ өз клиенттеріне Қазақстандық қор биржасында, батыс және америкалық қор биржаларында брокерлік қызмет көрсетудің толық аясын ұсынады:

  • Клиенттің брокерлік шоттарын ашу және қызмет көрсету;
  • Қазақстан қор биржасында, батыс және американдық қор биржаларында, сондай-ақ ұйымдастырылмаған және бағалы қағаздардың бастапқы нарықтарында бағалы қағаздарды сатып алу/сату тапсырыстарын орындау, РЕПО операцияларын жасау, мемлекеттік және корпоративті бағалы қағаздармен өзге де әрекеттерді жасау;
  • «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда жүйесінде бағалы қағаздарға екі жақты баға кесімдерін қолдау бойынша маркет-мейкер қызметтері;
  • Клиенттерге оперативті режимде (он-лайн) баға кесімдері бойынша ағымдағы ақпаратты ұсыну;
  • Клиент шоттарын жүргізу, жасалған мәмілелер бойынша есептілікті ұсыну;
  • Қаржылық нарықтағы қалыптасқан жағдай бойынша консалтинг, сондай-ақ экономикалық жағдайдың жалпы дамуына болжам жасау;
  • «SRC Broker» сауда платформасы.

«SRC Broker» сауда платформасын ұсыну бойынша қызмет – бұл Қазақстан қор биржасында «он-лайн» режимінде бағалы қағаздармен операцияларды дербес жасау мүмкіндігі. Осы платформада жұмыс жасау кезінде пайдаланушы үшін негізгі артықшылық электронды құжат айналымының мүмкіндігі болып табылады, ол Қазақстандық Банк аралық Есеп айырысу Орталығымен (ҚБЕО) шығарылатын, электронды-санды қолтаңба (ЭСҚ) көмегімен қолданылады.

Клиент тапсырыстарына Клиенттің жеке электронды-санды қолтаңбасы қойылады, бұл құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну үшін «Фридом Финанс» АҚ  кеңсесіне келу міндетінен босатады. Сонымен қатар, бұл жүйе қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне ие екенін, рұқсатсыз енуден қорғалғанын және электронды сауданы жүзеге асыру және электронды құжат айналымының біріңғай жүйесі жөніндегі қолданыстағы заңнамалардың талаптарына сай келетінін атап өту қажет.

Осымен қатар, «SRC Broker» сауда платформасы Клиентке «он-лайн» режимінде қаржы құралдарының ағымдағы баға кесімдерін қадағалап отыруға, баға кесімдерінің «терезесін» қарауға, белгілі кезеңде қаржы құралдары құнының өзгеріс кестелерін қалыптастыруға, Клиенттің инвестициялық портфеліне қолжетімділікке ие болуға, шоттағы ақшалай қаражаттардың қалдықтары туралы ақпаратқа ие болуға, орындалу мәртебесін көрсете отырып, барлық мәмілелер мен тапсырыстардың мониторингісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан қор биржасының жұмыс кестесі:

Қолжетімді құралдар Сауда сағаттары
Акциялар, корпоративті облигациялар, ҚР Қаржы министрлігінің облигациялары, ҚР Ұлттық банкінің ноталары Өтініштер Алматы уақыты бойынша 10:00-ден 16:55 дейін қабылданады.
Тұрақты сессия сенбі мен жексенбіден басқа күндері Алматы уақыты бойынша 11:30-дан 17:00 дейін

Халықаралық қор биржалары туралы ақпарат:

Сауда алаңы Қолжетімді құралдар Өтініштерді қабылдау
London Stock Exchange (LSE) Акциялар, корпорациялық облигациялар  Тұрақты сессия сенбі мен жексенбіден басқа күндері Алматы уақыты бойынша 11:00-ден 20:00 дейін
Stuttgart Stock Exchange (SSE)
Frankfurt Stock Exchange (FSE)
Deutsche Börse AG (Xetra)
New York Stock Exchange (NYSE)
American Stock Exchange (AMEX)
NASDAQ
Toronto Stock Exchange (TSE)

Сізді қызықтырған барлық мәселелер бойынша мына телефондар арқылы қуана жауап береміз: +7 (727) 323 15 55 (ішкі 632).